МӘМС: ТҮРКІСТАНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 12,7 МЛРД ТЕҢГЕ ҮСТЕМАҚЫ БЕРІЛДІ

502 көрілім

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы коронавирустық инфекцияның алдын алуға, диагностикалауға, емдеуге, эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге 12,7 млрд теңге бөлді.
Ағымдағы жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында Қор филиалы коронавирустық инфекцияның профилактикасына, емдеуге диагностикалауға 9,3 млрд теңге төледі. Оның ішінде, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің үстемеақысы 6,6 млрд теңгені құрады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан орталық деңгейде және жергілікті атқарушы органдар коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қор коронавирус және пневмониямен ауырған науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің ақысын уақтылы төленді. Аталмыш дертпен ауыратын пациенттерге медициналық көмек МӘМС жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.
Сонымен қатар, биылғы жылдың наурыз-қыркүйек айларында науқастарды провизорлық және карантиндік стационарларға емдеуге жатқызуды қаржыландыруға 1,8 млрд теңге жұмсалды. Карантиндік оқшаулауда 25000-нан астам адам емделді.
Инфекциялық стационарларда 2000-нан астам пациент емделді. Covid-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды стационарлық жағдайда емдеуге барлығы 457 млн теңге жұмсалды.
Аурудың жеңіл түрімен ауырған науқастарға үйде емдеу шаралары жүргізіледі. Күн сайын учаскелік дәрігерлер науқастың жағдайын бақылауда ұстайды. Үш күнде 1 рет онлайн кеңес беріледі, қажетті рәсімдер де көрсетіледі. Егер науқастың үш-бес күн ішінде температура төмендемесе, тыныс алу және тахикардия жоғарыласа ауруханаға жатқызылады.
Түркістан облысы бойынша 395 мобильді бригадасы қызмет көрстеді. Қор бригаданың әрбір шақыруға шыққаны үшін 5400 теңгеден ақы төлейді. Топтың құрамына дәрігер немесе медбике, кейде бейінді маман кіреді. Мобильді бригадалар пациентті алғашқы қарап-тексеруді жүргізеді, оның жай-күйінің ауырлық дәрежесін бағалайды. Сovid-19 симптомдары болған кезде ПТР-тестке материал алады, пульсоксиметрия жүргізеді, көрсетілімдері кезінде рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама береді, дәрілік заттарды тағайындайды.
Медициналық қызметтердің сапасына байланысты Қордың 1406 байланыс орталығына хабарласуға не болмаса Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына өтініш қалдыруға болады.

Айдын Ибрагимова,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы медициналық қызмет көрсету сапасын мониторингтеу бөлімінің бас сарапшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы