ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БАСТЫ НАЗАРДА

1  079 көрілім

Бүгін жұмыс уақытына дейін, таң ата Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы қаланы аралап, газ құбырларын орнату жұмыстары мен көпқабатты үй жертөлелерін тексерді.

Көпқабатты үй жертөлелері қыс маусымы түспей толық тазарып, істен шыққан, жарылған құбырлар жөнделуі тиіс. Бұған дейін жиналыс барысында айтып өткендей, бұл мәселелер қала әкімінің назарында болады. Қыста бір отбасы жылусыз қалып, тоңбас үшін де алдын алу қажеттігі баса айтылды. Сонымен қатар, Тұран ауылында жүріп жатқан кәріз жұмыстары қадағаланып, жарықтандыру ісін қолға алуды тапсырды.

Айта кетейік, Рашид Аюпов енді күнделікті таңғы уақытта жауапты мамандармен бірге қаланы аралап, әсіресе тұрғындардан түскен шағымдар бойынша барлық атқарылып жатқан жұмыстарды бақылайтын болады. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы