ИІСТІ ГАЗБЕН УЛАНУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР

920 көрілім

Газбен иістену жылыту маусымы кезінде өте жиі кездесетін жағдай болғандықтан басты мәселе болып саналады. Газ иісті және мүлдем иіссіз болып келеді. Иісті газбен уланғанын адам мүлдем сезбей қалуы мүмкін. Иісті газ ауа атмосферасына жанудың әсерінен пайда болып таралады. Ол газ және майлы пештер, ағаш, көмір пеші, газ құрылғылары, бассейіндердегі су жылытқыштар және двигательдерден шығатын газдар.

Өрт болып жатқан жерде немесе пеш құбырларының жарылуы, бітелген түтін жолдары, бітелген құбырлар, иісті газдың тұрғын үй немесе басқа да жабық бөлмелерде иісті газдың жинақталуына әкеліп соқтырады. Адамдар сол иісті газбен ластанған ауамен дем алғанда уланады. Адамның жұтып отырған ауасының құрамында 0,08% көміртегі оксиді (СО) концентрациясының 0,32%-ға көбеюі салдарынан адам сал болып қалу, естен тану жағдайларына әкеліп соқтырады. 1,2%-дан жоғары концентрацияда адам 2-3 рет ауа жұтқанның өзінде өміріне 3 минуттан кейін қауіп төнеді. Сол себепті бұл газ өте қауіпті.

Т.ДОСАЛИЕВ,

Түркістан қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы