Түркістан қаласы спорт жетістіктері бойынша әрдайым алда келеді. Әсіресе, қаламыздағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері бірнеше спорт түрлерінен халықаралық, республикалық деңгейлерде топ жарып, жерлестеріміздің мерейін асырып жүргені көңілге қуаныш ұялатады. Аталған мектеп осы оқу жылының өзінде көптеген жетістіктерге жетті. Мәселен, қыркүйек айының 19-24 аралығында Арыс қаласында 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан өтетін Совет одағының ардагері Бейсен Онтаевты еске алуға арналған ХХХІХ халықаралық турниріне Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бөлімінің жаттықтырушылары М.Сарсенбаев пен А.Алтыбаев дайындаған шәкірттер биік тұғырдан көрінді. Дәлірек айтсақ, 50 келі салмақта Мырзан Нұрасыл 2-орын алса, дәл осы салмақта Нұрасыл Даниярұлы 3-орынды қанжығалады. Ал 44 келі салмақта жұдырықтасқан Пазылхан Мұхамедәлі жеңіс тұғырының екінші сатысына жайғасты.

Сонымен қатар, 2022 жылдың 28.09 – 02.10 күндері Сайрам ауданы, Машат ауылында балалар жылына арналған бокстан 2009-2010, 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Ақсу жекпе-жек спорт клубының ашық біріншілігіне де М.Сарсенбаев пен А.Алтыбаев дайындаған Исрайл Ислам 34кг салмақта І орын, Мырзан Нұрасыл 50кг салмақта І орын, 46 салмақта Пазылхан Мұхамедәлі І орын, 38кг салмақта Оңғарбай Азамат І орын, Ағатай Бекжан 32кг салмақта І орын және 52кг салмақта Даниярұлы Нұрасыл ІІ орын, 34кг салмақта Егенбердиев Мейіржан ІІ орын, Асқаров Әлібек 32кг салмақта ІІІ орын иеленді.

Сондай-ақ, таеквондодан 2022 жылдың қазан айының 2-5 күндері Астана қаласында өткен 8-11 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында спорт мектептің шәкірттері Айтжан Еркежан 26кг салмақта 2-орын, Мырзахан Шұғыла 24кг салмақта 2-орын, Маханбет Нұрдаулет 30кг салмақта 3-орынды қанжығалады. Қазан айының 15-18 күндері аралығында Түркістан қаласында өткен бокстан 2009-2010, 2011-2012 жылы туған балалар арасындағы республикалық бокс турнирінде Дүйсенбек Нұрбах 34кг салмақта 1-орын, Пазылхан Мұхамедәлі 48кг салмақта 2-орын, Әмзехан Ердос 38кг салмақта 2-орын, Егенбердиев Мейржан 34кг салмақта 3-орын алса, Ахметов Әуез 30кг салмақта 3-орынды, Хабибулла Нұржан +60кг салмақта 3-орынды олжалады. Одан бөлек қазан айының 27 – 31 күндері аралығында Сарыағаш қаласында өткен Республика күніне арналған бокстан 2005-2006 туған жастар арасындағы облыстық чемпионатта бокс бөлімінің жаттықтырушысы Алтыбаев Ағабектің шәкірті Ибадуллаев Жангелді 48 салмақта 3 – орын иеленді.
А. ДАМЕНОВ,
Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері.