ТҮРКІСТАНДА МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

509 көрілім

Түркістан қаласында мұғалімдер арасында спорттың 5 түрі бойынша спартакиада басталды. Қала көлеміндегі жарыс 21-30 қыркүйек аралығында өтеді. Мәселен, үстел теннисі, волейбол (ерлер және әйелдер), шахмат, кіші футболдан 500-ге жуық ұстаз өзара бақ сынап жатыр.

С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебі мен М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында ерлер арасында волейбол мен үстел теннисі турнирі өтуде. Жарысқа облыс орталығындағы мектептерден жасақталған 32 команда қатысуда. Спорттық бәсеке барысында үздіктер іріктеліп, облыстық спартакиадаға жолдама алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы