- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Жомарттық пен мәрттілік – адам бойындағы ізгі қасиет. Қайырымдылық мәнін оны жасаған адам емес, сол қайырымдылықтың игілігін көрген адам түсінуі керек. Әрдайым игі істің басы- қасында жүретін Түркістан қаласы «Бірлік» елдімекенінің тұрғыны, Е. Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Гулнара Алиханқызын жомарт жан деп айтуға болады.
Елді дүрбелеңге салған Арыс қаласындағы жарылыс кезінде бір отбасы мүшелерін үйіне апарып, қолынан келгенше көмек көрсетіп, жомарттық жасағанын ауылдастары жақсы біледі.
Апайымыздың жүрегінің кеңдігі, бауырмалдығы, жанының таза, нәзік екендігі баршамызға мәлім. Осындай үнемі кішіпейіл, үлкенге де, кішіге де бірдей ізет көрсететін қасиеттері үшін оны шын жүректен құрметтейміз.
Ал, бүгінгі таңда әлемді шарпыған «COVID-19» індетінің таралмауына өз үлестерін қосып жүрген ақ халатты абзал жандарға және полиция қызметкерлеріне де қолдан келгенше қамқорлық жасауы апайымыздың жомарттығының тағы бір дәлелі. Өйткені, жақында «Шорнақ», «Қарашық» тас жолдары бойындағы блок-бекет қызметкерлеріне өзі үйде жасаған дәмді тамақтарын алып барып, құрмет көрсетті. Бұл ол кісінің көпшілікке, денсаулыққа, тәртіпке қызмет жасаған кісілерге өз отбасы атынан білдірген алғысы, көмегі және рахметі.
«Өзіңде бармен бөліссең көбейеді»-демекші апайымызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Еліміз аман, отбасымыз тыныш болсын.
Садулла ШЕРМЕТОВ,
Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі.