- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің Қаулысына орай жедел штаб жиынын өткізіп, әкімдікте қалалық ситуациялық орталық ашу бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды Yassy-tur.kz ақпарат агенттігі turakimat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.
Дүйсенбіден жұмысын бастайтын орталықта полиция, төтенше жағдай, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердін сапасы мен қауіпсіздігін бақылау (СЭС), дәрігерлер және әкімдіктің әр сала мамандары тартылып, бейнекамера сондай-ақ, диспетчерлік байланыс нөмір қарастырылады.
⠀
Қоғамдық көліктерге шектеу қойылады: тек таңертең 7.30-9.30 және кешкісін 18.00-20.00 аралығында бір рет қана бағыт жасайды.
Тұрғындарға “Алтын бұлақ” көтерме сауда базарынан дүкендерге жөнелтілген азық-түліктер жеткізіледі. Одан бөлек, тапсырыс арқылы қазіргі уақытта қызмет көрсетуге 22 көлік дайын. Алдымен, күріш, макарон, картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз, тұз, күнбағыс майына тапсырыс қабылданса, сұраныс бойынша тізімі ұлғаятын болады. Сондай-ақ, химиялық тұрмыстық заттар да бар. Жеткізу қызметіне дәріхана, кафе-ресторандарда да қосылады. Ол үшін телефоныңызға “Amazing Turkistan” қосымшасын жүктеп, керекті затқа тапсырыс бере аласыз.
⠀
Ал, қала әкімдігінің 6 мобильді тобы мен полиция қызметкерлері қажеттіліксіз сыртқа шықпау бойынша түсіндірме жұмыстарын бастап кетті. Сондай-ақ, блок-бекеттердегі бақылау жұмыстары қатаң қадағаланады.