САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

816 көрілім

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап елде төтенше жағдай режимін жариялады және бүгінгі күні короновирус індетінің алдын алу шараларын күшейте отырып, режимді 30 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды.

Осыған орай, Ордабасы аудандық «Халық банк» және «Қазпошта» АҚ филиалдарында тиісті қызмет түрлерін алуға келген тұрғындар арасында қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы сызылған сызба бойымен кезекке тұру арқылы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, тұрғындардың денсаулығына қамқорлық таныту бағытында бетпердесіз келген азаматтарға аудан әкімдігі тарапынан тегін бетперделер беріліп, төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңге көлемінде берілетін жәрдемақыны алуға үйден шықпай ақ, өтініш тастау бойынша жадынамалар таратылды.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы