ОТЫРАРЛЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР БЕТПЕРДЕНІ ТЕГІН ТАРҚАТУДА

1  620 көрілім

Отырар аудандық “Іскер әйелдер” қауымдастығы мен “Nur Otan ” партиясының Отырар аудандық филиалының бастамасымен #БІЗБІРГЕМІЗ# челленджі жалғасын табуда. Отырар ауданы “Іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен белсенді мүшелері, беделді кәсіпкер әйел Бейбайша Тоқпанбетова демеушілігімен 300 дана, жеке кәсіпкер Роза Қасымбекова 200 дана, Гүлмира Әріпбекова 200 дана, “Темір ” мектебінің еріктілері Бибісара апай 100 дана, Аякөз апай 100 дана, Күлшат апай 100 дана, Роза апай 100 дана бетпердені өз қаражаттарына тігіп, аудан тұрғындарына тегін тарқатты.

Сондай-ақ, Отырар аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Алтынай Қасымбектің демеушілігімен 300 дана, қауымдастықтың белсенді мүшесі Нұргүл Садықтың демеушілігімен 200 дана бетперде тегін үлестірілді.

Алдағы уақытта да “Іскер әйелдер” кауымдастығы “#БІЗБІРГЕМІЗ# челленджіне үлес қосуды жалғастыра береді.

Ләззат САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы