ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАР ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ 50 ТОННАСЫН РЕСЕЙГЕ ЖӨНЕЛТТІ

1  786 көрілім

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ералиев округіндегі “Дихан”шаруа қожалығы қырыққабат дақылының алғашқы 50 тоннасын Ресейдің Воронеж, Санкт-Петербург, Уфа қалаларына жөнелтті. Диқандардың айтуы бойынша баға әлі нақты емес, себебі бағаны нарық шешеді дейді.

Қожалық иесі – Алжанов Арманның айтуынша, биыл 5 гектар жерге қырыққабат еккен. Оның 2,5 гектары «Кевин», 2,5 гектары «Фарао». Жалпы алғанда мұнда ақпан айының 10-ы күні 120 мың дана көшет отырғызылыпты. Жалпы Ералиев ауыл округінде биыл 88 гектар жерге қырыққабат егілген.

Қосымша айта кететін болсақ Жетісай ауданында бұдан бөлек Жылы Су ауылдық округінің диқандары да қырыққабаттарын еліміздің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жөнелткен.

Қазіргі таңға дейін аудан бойынша 11361 гектар аумаққа бақша дақылдары егілсе, 1500 мың алқапқа көкөніс егілген оның 1171 гектары қырыққабат болып табылады.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы