ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫҢ БӘСІ ЖОҒАРЫ

1  107 көрілім

Бекзат Саттарханов атындағы спорт-сауықтыру кешенінде самбо күресінен жастар және жасөспірімдер арасында Түркістан облысының іріктеу чемпионаты мәреге жетті.

Жарыстың шымылдығын түрген жарыстың бас төрешісі, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ә.Сәрсенбаев облыс орталығында жиналған самбошыларға іріктеуден сүрінбей өтулеріне сәттілік тілесе, самбодан халықаралық дәрежедегі төреші Әбдісадық Халилаев жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама алатындығын, сондықтан боз кілемде бар күш-жігерлерін жұмсап, биік тұғырдан көрініңдер деген ізгі ниетін білдірді.

Жарыста облысымыздың барлық қалалары мен аудандарынан жалпы саны 240 самбошы боз кілемге көтерілді. Барлық спортшылардың жеңіске деген ынтасы, жігері байқалып тұрды. Десе де, түркістандықтардың бәсі жоғары болып, жалпыкомандалық есепте І орынды иеленсе, Келес және Созақ аудандарынан келген жас өрендер ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті.

Р.АРТЫҚБАЙҰЛЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы