ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

1  788 көрілім

Түркістан қаласындағы мешіттерге коронавирус індетінің алдын алу шарасы аясында әскери қызметшілер залалсыздандыру жұмыстарын жалғастыруда.

«Н.Төреқұлов» мешітінен басталған жұмыста мешіттің аумақтары, барлық бөлмелері және дәретханалары залалсыздандырылды. Кезекті нысан ретінде қаладағы мешіт төңіректері басты назарға алынды. Осылайша, қаладағы барлық мешіттерге ретімен атаулы шара жүргізілді.

“Қазіргі қиын уақытта еңсемізді түсірмей еңбек ету басты қағидалардың бірі болып саналады. Сондықтан залалсыздандыру халық қауіпсіздігі үшін жүріп жатқан үлкен жұмыс. Әр азамат ел тағдыры сынға түскен қиын сәтте, үлкен жауапкершілікті терең сезіну үшін, бірлесе іс атқарғанымыз абзал. Осы орайда бүкіл қала халқын бірлікке шақырғым келеді”, – деді “Әл-Кәусар” мешітінің имамы Мұхамедсали Табын.

Айта кетейік, аталмыш әскери бөлімнің 200-дей қызметкерлері мен 20-ға жуық әскери техникалары қалада індетке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейтумен қатар, залалсыздандыру жұмыстарымен айналысады.

Ақберен АМАНГЕЛДІ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы