- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
(Ветеринария саласында мемлекет тарапынан тегін жүргізілетін қызметтер туралы)
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жеке қожалығындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге, жаңадан сатып алынған жануарларды, алынған төлдерді ветеринариялық мамандарға өз мерзімінде хабарлауға міндетті. Ал бірдейлендіру үшін сол аумақта орналасқан ветеринариялық бекеттердегі мамандарға өтініш беру қажет. Мал иесі өтініш беріп жеке малын өз аты-жөніне тіркеп ауыл шаруашылығы дерекқор базасына енгізгенде ғана мемлекет тарапынан соған сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуы бойынша профилактикасы мен диагностикасы және энзоотиялық ауруларына қарсы вакцина егу, қан сынамасын алу мен залалсыздандыру, жануарларын бірдейлендіру, ветеринариялық паспорт беру ветеринариялық дәрігерлері тарапынан тегін жүргізіледі. Ветеринария саласында мемлекет тарапынан тегін жүргізілетін қызметтер тізімі төмендегідей;
1. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру; (МІҚ, қой, ешкі, түйе, шошқаларды сырғалау, вет.паспорт беру, жылқыларды таңбалау, вет.паспорт беру, дерекқор базасына ендіру)
2. Аса қауіпті аурулардың профилактикасы мен диагностикасы; (вакцина егу, дегельминтизациялау және аллергиялық тексерулер, қан сынамаларын алып зертханаға жеткізу)
3. Энзоотиялық аурулардың алдын алу жұмыстары; (ірі малдарды бүрку, ұсақ малдарды тоғыту, қоражайларды залалсыздандыру)
4. Ветеринариялық анықтамалар (№1, 2, 3 нысанды) беру; (жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды тасымалдауға рұқсат беру)
5. Малды қолдан ұрықтандыру жұмыстары; (етті және сүтті бағыттағы ірі қара малдарды асылдандыру мақсатында қолдан ұрықтандыру)
6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою және оларды уақытша оқшаулау орындарында (приют) ұстау;
Қораңыздағы төрт түлік малдарыңызды Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы ММ басшысы Н.Бадырақовтың 06.11.2019 жылғы №198 н/қ бұйрығы негізінде бекітілген 2020 жылғы жоспарға сәйкес, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша 12 ауру түріне қарсы (құтыру, аусыл, лептоспироз, пастереллез, сібір жарасы, эхинококкоз, күл, қарасан, оба, бродзот, қарасүйел (эктима),) ауыл шаруашылығы жануарларына тегін егу жұмыстары мен 2 ауру (туберкулез, маңқа) түріне аллергиялық тексерулер жүргізілу жоспарланды. Ал ауыл шаруашылығы жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша бруцеллез ауруына тегін тексерілуі жоспарланды.
Сонымен қатар, жоғарыда тегін жүргізілетін қызметтерден бөлек мал иесі есебінен жүргізілетін жұқпалы емес аурулардың тізімі төмендегідей;
Ас қорыту мүшелерінің аурулары, жыныс мүшелерінің аурулары, акушерлік гинекологиялық аурулар, туғаннан кейінгі салдану, тыныс алу мүшелерінің аурулары, аталық малдарды піштіру, жарақаттар, паразитарлық аурулар, зат алмасу аурулары, ісіктерді емдеу, желінсау, улану.
Бұдан бөлек жұқпалы паразитарлық аурулар;
Тейлериоз, пироплазмоз (қотыр), ішек құрт, өкпе қабынуына ем-дом жүргізетіндігін назарларыңызға ұсынып хабарлаймыз.
Қосымша ақпаратты Түркістан қаласы, Тілеубасы Мыңбасы көшесі № 13 мекен-жайында орналасқан «Түркістан қалалық Ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК-нан алуға болады. Мекеме байланыс телефоны: 4-09-94;
Мал дәрігерлердің шұғыл жеке байланыс телефондары: Түркістан қаласы бойынша ветеринариялық бекет меңгерушісі Момбеков Абилхаир – 8771-622-09-57.
1. Түркістан қаласы, Яссы мөлтек ауданына жауапты мал дәрігері Абдувахапов Давлатпек – 8771-891-10-00
2. Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданына жауапты мал дәрігері Иманов Бақтияр – 8776-355-75-10.
3. Түркістан қаласы, Шавгар мөлтек ауданына жауапты мал дәрігері Бабажанов Бабахан – 8777-423-68-54.
4. Түркістан қаласы, Бекзат мөлтек ауданына жауапты мал дәрігері Ризаев Доврон – 8776-881-01-01.
5. Түркістан қаласы, Сауран мөлтек ауданына жауапты мал дәрігері Мелдебеков Даулетбек – 8776-867-88-84.
У.БАИМБЕТОВ,
«Түркістан қалалық ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК директоры.