ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

1  037 көрілім

ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап COVID19 пандемиясынан сақтану мен  алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуді. Әлемде орын алып жатқан жағдайға бей-жай қарамаған Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қазыбек би ауылдық округінің азаматтары алғашқылардың бірі болып ауылдарына өз күштерімен блок-бекет орнатты.

Ерікті жастар ауызбіршіліктерін танытып аудан аумағындағы блок-бекеттегі тәртіп сақшылары мен әскерилерге  ас-суын жеткізіп беруде. Атап айтқанда, Құрбан ата ауылының 1994 жылғы туылған азаматтары 200 азаматқа түскі ас дайындап, тарқатты. Негізінен блок-бекеттерде ауылға кіріп-шығатын әрбір көлік пен адамдар жіті бақылауда.

Белсенді жастарының бірі Нұрдәулет Елшібаев бұл қадамды: «Біздің мақсатымыз – бергеніміз бен істегенімізді елге мақтанып, жарнамалау емес, қиын-қыстау кезеңде біз үшін, еліміздің амандығы үшін күн-түн демеу жұмыс істеп жатқан азаматтарға қолымыздан келгенше қолдау көрсету», – дейді.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы