ЖОМАРТ ЖАНДАР КӨМЕК БЕРУДЕ

987 көрілім

Күншығыс елінен басталған вирус бүгінде жаһанды жайлап барады. Осы орайда, елімізде төтенше жағдай жарияланып, бірнеше өңір карантиндік режимде екендігі белгілі. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Түркістан облысында коронавирус індеті бойынша 34 оқиға тіркелген. Сол себепті, облысқа қарасты Кентау қаласы Нұртас елді мекені де карантинге жабылып, бүгінде ауылға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Кентау қаласы әкімдігі баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, бүгінде ауылдың 4 тұрғыны COVID-19 індетін жұқтырғаны анықталып, қажетті ем алуда. Ол кісілермен жақын байланыста болғандар оқшауланып, тиісті шараларды қабылдауда.

Уақытша карантинге алынған ауыл тұрғындарына облыстық мәслихаттың депутаты Баймахан Сүлейменов пен Кентау қаласы кірістер басқармасының қызметкерлері көмек қолын созып 30-ға жуық отбасына күнделікті қажет азық-түлікпен демеушілік көрсетті. Бүгінде осындай қысыл-таяң шақта ел игілігі жолында көмек қолын созып жүрген жеке кәсіпкерлер саны толастар емес.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы