ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ ЖАҢАРМАҚ

996 көрілім

Биыл 9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 75 жылдығын қарсы алғалы отырмыз. Бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60-тан астам елі қатысқан болатын. Айбынды білек, жеңістеріне сенімді кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жауды жеңіп, соғысты жеңіспен аяқтадық.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданынан майданға төрт мыңнан астам сарбаз аттанса, елге тек соның екі мыңдайы ғана оралғаны белгілі. Отан үшін от кешіп, жанын құрбан еткен отандастарымыз майдан даласында опат болып, бауырластар зираттарында жерленді. Көңілімізге медет ұялататыны – еліміздің бүгінгі жетістігі, өсіп-өркендеуі, халқымыздың мызғымас ынтымағы.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, елдік пен ерліктің мерекесі 9-мамырда орталық саябақтан Ордабасы ауданы ардагерлеріне арналған аллеяны ашу көзделуде. Сол зұлмат жылдары «Жаным арымның садағасы» деген ардақтыларымыз, Кеңес Одағының Батырлары: 4 мыңға жуық ардагерлеріміздің аты-жөндері мемориалды тақтайшаға өрнектеп жазу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына және Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ордабасы ауданының орталығы саналатын Темірланда орталық саябақты пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы