Бүгін рухани шаһарда «Жастар ресурстық орталығы» мен «Asar» ерікті жастары тегін медициналық бетперделер мен үнпарақшалар таратты.
Шара барысында әлемде орын алған төтенше жағдайға байланысты тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, коронавирус инфекциясының алдын алу жолдары көрсетілген үнпарақтар үлестірілді. Бетпердесіз жүрген жандарға тегін бетперде таратып, әр азаматтың бетпердені міндетті түрде тағып жүру керек екендігі түсіндірілді.
Ерікті жастар Тәуке хан даңғылы бойындағы банк қызметін пайдалануға барған тұрғындар қауіпсіздігі үшін залалсыздандыру жұмыстарын да жүргізді.
Үмітбек БАҒДАТ.