ТҮРКІСТАН: 109 БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА 2000-НАН АСТАМ ҚОҢЫРАУ ТҮСКЕН

912 көрілім

Республика бойынша 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізілгендігіне байланысты Түркістан облысында 109 бірыңғай байланыс орталығы 24/7 форматында тәулік бойы қоңыраулар қабылдауда. 109 call-орталығы қазіргі уақытқа дейін облыс тұрғындарынан 2000-нан аса қоңыраулар қабылдаған.

Байланыс орталығына келіп түскен арыз-шағымдардың басым көпшілігі коронавирус пандемиясына қарсы жасалатын профилактикалық жұмыстарға, азық-түлік бағалары мен әртүрлі коммуналдық салаға қатысты болып отыр.

Сонымен қатар, облыс тұрғандарының мәселелерін жылдам шешу мақсатында, келіп түскен арыз-шағымдарды «Белсенді азамат» жобасына бағытталып отыр. Бұл портал арқылы түскен шағымдар өңделіп, тұрғындар өтініштеріне жедел жауап алады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы