ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЕСІНШІ НАУҚАС АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ІС-САПАРДА БОЛҒАН

1  557 көрілім

Бүгін «Хабар» телеарнасындағы тікелей эфирде өткен баспасөз конференциясында облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов Түркістан облысы аумағындағы коронавирус инфекциясын жұқтырған бесінші науқастың індетті қайдан жұқтырғаны туралы айтып берді.

Індет жұқтырған алғашқы науқас 31-наурызда тіркелген. Атаулы сан араға аза уақыт салып беске жеткен болатын. Коронавирус жұқтырған бірінші азамат Жетісай ауданының тұрғыны болатын. Ол Нұр-Сұлтан қаласына барып, 23 наурыз күні Шымкент қаласынан келген. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан. 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған науқас ауруханаға жатқызылып, сынама алынған. Зерттеу қортындысын нәтижесінде коронавирус инфекциясы анықталған. Онымен байланыста болған үш адам оқшауланып, олардан да сынама алынған. Осылайша қатарынан бір ошақта төрт науқас тіркелген.

Бас санитар-дәрігердің мәліметіне сәйкес, бесінші науқас Алматы қаласында іс-сапарда болып қайтқан. Азаматтан алынған сынама нәтижесінде оның түнде ауру жұқтырғаны анықталған.

Қазіргі таңда індет тіркелген орындарда мамандар арнайы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Науқастармен байланыста болған 41 адам есепке алынып, барлығы оқшауланған. Олардан сынама алынды. Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Үмітбек БАҒДАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы