1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күні мен 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Түркістан қаласында облыстағы мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан турнир өз жалауын көтерді.
Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өткен жарыстың ресми ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирге облыстағы жергілікті атқарушы органдар мен Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменттерінен құралған 40-қа жуық команданың 300-ден астам қызметшілері қатысты.


