«ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ» КӨРМЕСІ ӨТТІ

1  235 көрілім

Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Түркістан қаласындағы М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» көрмесі мен «Тәуелсіздік және Елбасы» атты мерекелік іс-шара  ұйымдастырды.

  Шарада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Түркістан қаласына жасаған ресми сапарларынан фотосуреттер мен өз қаламынан туындаған еңбектері, еліміздің тарихи белеске толы жылдары жөнінде сыр шерткен көрме аясында Елбасының жазған ән-күйлері орындалды.

    Жиынға ұстаздар мен оқушылар да белсене қатысты. 
  – «Ең ірі маңызға ие бұл мереке жыл сайын “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тарапынан да дәстүрлі түрде кең көлемде аталып өтеді. Бүгінгі шараның ерекшелігі оқушылар мен ұстаздар да белсене қатысып, тіпті көрмені тамашалаушыларға өздері түсіндіріп, ақпарат беруге асықты. Елбасы шығармашылығынан туған туындыларды да белсене орындап, көрерменге ерекше бағдарлама ұсынды. Дарынды, білімді ұрпағы бар еліміз Елбасымен мақтанады», – дейді қорық-музейдің қызметкері Ардақ Бейсенова. Жиынға қатысқан ұстаздар мен оқушылар музей директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы