Ордабасы ауданы бойынша елімізде орын алып жатқан төтенше жағдайға байланысты, яғни Сovid19 коронавирус індетін алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін блок бекеттер орнатылды.
Блок бекеттер «Шымкент-Самара» тас жолы бойында және Ақбұлақ ауылына кіреберіс жерлерде орналасқан. Онда ауданның жергілікті полиция және медицина саласының мамандары басқа қаладан келген өткінші әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғыларымен азаматтарды дене қызуларын өлшеп, қатаң тексеріп өткізуде. Әрі әлеуметтік қызметкерлері қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау және санитарлық тазалық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізуде.

Барлық блок бекеттерінде аудан әкімдік тарапынан үш мезгіл ыстық тамақпен, медициналық бетперде, қолғап, тепловизор, демалатын орындармен толықтай қамтылған.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.
