ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 300 МЫҢНАН БЕРІЛЕТІН БОЛДЫ

1  416 көрілім

Қала әкімдігінде алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті алпыс екінші сессиясы болып өтті. Сессияны оның төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты Д.Тәңірбергенов ашып, жүргізіп отырды.

Қалалық мәслихаттың кезекті алпыс екінші сессиясының күн тәртібіне ұсынылған «Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2019 жылы атқарған жұмыстары», «Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 2019 жылы атқарған жұмыстары», «Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2019 жылы атқарған жұмыстары», «Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 шілдедегі №35/181-VІ «Түркістан қаласы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің құрылымын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу», «Түркістан қаласында жаңадан ашылған №900 сайлау учаскесінің комиссия мүшелерін сайлау», «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің және оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту», «Түркістан қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау» туралы мәселелер қаралды. Кезекті сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар, биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір реттік көмек ретінде 300 мың теңгеден берілетін болды. Жиын соңында келесі кезекті сессияның төрағасы болып, қалалық мәслихаттың депутаты Е.Мұстапаев бірауыздан сайланды.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы