ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

973 көрілім

«Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавирусқа қарсы күресті күшейту, тұрғындарға әлеуметтік қолдау білдіру мақсатында Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясы жарияланған болатын. Аталмыш акция аясында «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары арқылы әлеуметтік қолдауды қажет ететін тыл ардагерлері мен жалғызбасты қариялар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсету көзделген.

Бүгін Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы қызметкерлері, «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері елдімекендердегі аз қамтамасыз етілген отбасыларда болды.
Негізгі мақсаты – қиын-қыстау сәтте көмекке мұқтаж, денсаулығы нашар тұрғындарды үйінен шығармай, көмекті жеткізу, тұрғындардың көшедегі қозғалысын азайту болып табылатын шарада облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «ҚАМҚОРЛЫҚ» акциясына енгізілген тізім негізінде азық-түлік пен гигиеналық заттар үйлестірілуде.

Айта кетейік, жер-жерлердегі көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созу акциясы кәсіпкерлер мен демеушілердің қолдауымен ерікті түрде жүзеге асуда.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы