ТҮРКІСТАНДЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

1  099 көрілім

Ел басына туған төтенше жағдайға Түркістан облысы  іскер әйелдер қауымдастығы қол қусырып қарап қалмай, барынша үлестерін қосуда. Күннен күнге саны көбейіп келе жатқан індеттің алдын алу мақсатында үйден шықпай отырған азаматтарға қауымдастық төрайымы Инара Намазбаева бастаған топпен бірге белсенді мүшелері жәрдем көрсетті. Әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыз етілген, жалғыз басты аналар мен  мүмкіндігі шектеулі азаматтардың отбасыларына бір реттік азық-түлік өнімдерін табыстады.

Жұдырықтай жұмылған іскер ханымдар 25 жанұяның жүзіне жылулық сыйлап, кірбің басқан көңілдеріне көктем ұялатты. Күнделікті қажетті азықтармен бірге бетпердені де бөліскен нәзік жандылар тек Түркістан қаласының аймағын ғана емес, Отырар ауданы мен Құмтүйін елді-мекені тұрғындарының шарапатына бөленді.

Қандай жағдай болмасын, бір жағадан  бас, бір жеңнен қол шығарып, бірге екендігімізді дәлелдей түсеміз дейді іскер ханымдар.

Ақмарал ҒАНИҚЫЗЫ,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы