Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы, Ордабасы ауданында құрылған жұмысшы топ мүшелері құрамында аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы А.Искаков, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ф.Ташимова, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің аға учаскелік полиция инспекторы Ә.Ерсариев, Қажымұқан ауыл округі әкімінің орынбасары С.Бохан бірлесіп аудан орталығындағы азық-түлік сауда нүктелерінде, қоғамдық тамақтану орындарында болып тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеріс барысында аталған орындарда санитарлық тазалық ережелері сақталмағаны анықталып, тиісті кәсіпкерлерге хаттама толтырылды.
Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы төтенше жағдай кезінде субьектілермен эпидемияға қарсы іс–шаралардың орындалмауына байланысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының №476 бабының 6 тармағын сәйкес, 3 асхана, 2 азық-түлік дүкеніне және аудандық жергілікті полиция қызметі №204 белгіленбеген жерде сауда саттық жасаған үшін 1 азық-түлік дүкеніне тазалық ережелерін сақтамағандығына байланысты айыппұл салынып, құжаттары сотқа ұсынылды.
Сонымен қатар, өзгеде сауда нүктелерінің иелеріне төтенше жағдайларға байланысты заң талаптарын орындамаған жағдайда жұмысы тоқтатылып, айыппұл салынатындығы жөнінде ескерту жасалды.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.
