- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
«Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Осыған орай, Түркістан облысы, Арыс қаласында аз қамтылған отбасылар мен ерекше қамқорлықты қажет ететін азаматтарға қажетті азық-түліктер таратылды. Сонымен қатар, індетке қарсы антисептик құралдары, медициналық маскалар, қағаз майлықтар бар.
Коронавируске қарсы күрес тұрғындардың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы акцияға партия филиалдары, «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері мен ерікті жастар және жомарт кәсіпкерлер мен мәслихат депутаттары да белсенді атсалысуда. Алдағы уақытта мұндай игі істер әлі де жалғасын табатын болады.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.