Бәйдібектік кәсіпкер Асқар Кенеханов дүниежүзінде орын алып отырған коронавирусқа байланысты елімізде бетперденің тапшылығы халық арасында біраз дүрбелең тудырып жатқанын ескеріп, елдегі төтенше жағдайға байланысты бүгінгі күннің ең басты сұранысына ие боп отырған бетперденің жетіспеушілігін азайтуды қолға алған еріктілердің бірі.

Асқар Кенехановтың Шаян ауылынан ашылған шағын тігін цехында қазіргі таңда күніне 6-7 мың дана бетперде тігілуде. Ерікті қолынан тігін ісі келетін 10 қыз-келіншекті жұмыспен қамтып, матаның 3 түсінен бетперде тігіп, қолжетімді бағада 130 теңгеден сатуда. Медициналық сараптамадан өткен бетперделер бір реттік емес жуып, үтікпен кептіріп бірнеше рет қайта қолдануға болады.

Қазіргі таңда шағын цехтағы тігілген бетперделерге сұраныс жоғары. Аудандағы барлық ауылдық округіндегі елді мекендерді қамтып отыр. Сонымен қатар жергілікті дәріханалардан да сұраныс түсуде. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тегін таратуда.
Халықтың қалтасына қарай аса қымбат емес бағамен тігіліп, ұсынылып отырған бетпердеге Бәйдібек ауданында тапшылық жоқ.
Ләззат САРЫБАЕВА.
