МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ МІНДЕТІ АУҚЫМДЫ

1  094 көрілім

Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Бұл дерт бізді де алаңдатып отыр. Осы індеттің алдын алу бойынша Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаевтың төрағалығымен кезекті штаб отырысы өтті.

Жиынға штаб мүшелері, дербес бөлім басшылары, мобильді топ жетекшілері қатысып, індеттің алдын алу бойынша нақты атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Сондай-ақ, жиын барысында Түркістан қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның профилактикалық шараларын күшейту мақсатында құрылған мобильді топтардың атқарып жатқан жұмыстары және қала аумағында орналасқан 5-блок бекеттердегі алдын алу іс-шаралары бойынша баяндалды.

Баяндамашылар төтенше жағдайдың алдын алу бойынша профилактикалық шараларын күшейту мақсатында қалада жүргізіліп отырған рейдтік тексеру нәтижесі мен түсіндірме жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп отырғандығын тілге тиек етіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысына кеңінен тоқталды. Штаб жұмысы барысында қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаев мобильді топ жетекшілеріне әлі де жұмысты күшейту қажет екендігін, қала тұрғындарының салғырттыққа жол бермей сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін баса назарға алды. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шараларын ширату бүгінгі күннің басты талабы екенін ескертті.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қалада залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті барлық медициналық дәрі-дәрмектер мен қажетті жарақтар, арнайы киімдер жеткілікті. Ең бастысы жағдай тұрақты.

Райымжан ӘЛІБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы