БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ

1  195 көрілім

Түркістанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында әкімдік пен саудагерлер арасында келіссөз жүргізілді. Мақсат – баға тұрақтылығын қалыпқа келтіру және сақтау.

Қала әкімі Рашид Аюпов көтерме сауда жасаушылармен тілдесіп, ортақ келісімге келді. “Бағаны негізсіз өсіруге болмайды. Барлығы түркістандықтардың қамы үшін деп біліңіздер” деген қала басшысы еліміздегі төтенше жағдай кезінде тұрғындарға қолдау білдіруге шақырды.

Нәтижесінде, “Алтын бұлақ” көтерме базарында бір күндік баға төмендегідей болып бекітілді. 1 кг пияздың бағасын – 75 теңге, картоп бағасы – 100-150 теңге, сәбіз 75-90 теңге аралығында. Ал, 1-сұрыпты 50 кг “Пионер” ұны – 7800 теңгеден (25 кг – 3900 теңге), құмшекер – 220 теңге, күнбағыс майы
(Сергиевский 5 литр) – 2000 теңгеден саудаланатын болды.

“Түркістан-ақпарат”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы