Рашид Аюпов медициналық бетперделер тігуді қолға алған жергілікті кәсіпорындарға барды, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz» ақпараттық агенттігі Түркістан қаласы әкімдігінің сайтына сілтіме жасап.
Соның бірі – жеке кәсіпкер “Хываева”. Жергілікті 40 тігінші тұрғындар денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қолданылатын дүниенің қажеттілігін жақсы түсініп, жұмыс легін жандандырған.

Әлемде болып жатқан коронавирус індеті таралуының алдын алу бойынша Қазақстан қалаларында медициналық бетперделер тапшылығы орын алғаны баршаға мәлім.
Бүгінде, Түркістан қаласына тәулігіне бетперде қажеттілігі 20 мың дананы құрап отыр. Ал, келісімге келген кәсіпорын иелерінің айтуынша 47 мыңдай медициналық бетперде жасауға қауқарлы.

Осыған байланысты, кешелі дәріханаларға жеткізілуі басталған бетперделер, 2-3 күн ішінде қалалық қажеттілікті толық қамтып, артылғаны өзге өңірлерге де жіберу жоспарланған.
