ДИДАРДЫҢ ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ ЖАЛҒАСУДА

1  316 көрілім

Жалпы биылғы жыл Дидар Хамза үшін сәтті болды. Алдымен Джакартада өткен Азия ойындарында жерлесіміз 81 келіде чемпион атанса, жақында ғана Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу Даби қаласында өткен «Grand Slam» турнирінде қола медальды қанжығасына байлаған болатын. Енді міне арадан бір ай өтпей Ташкент қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды. Жарыс барысында Дидар Хамза 5 рет татамиге шығып сол белдесулердің бәрінде де жеңіске жетті. Финалда жерлесіміз моңғолиялық спортшы Дагвасурен Ниямсуренмен тартысты кездесу өткізді. Алдымен моңғол спортшысы вазаримен алға шықса,  Дидар Хамза белдесу аяқталуға санаулы секундтар қалғанда бар тәжірибесін іске асырып, таразы басын теңестірді. Қосымша уақытта Дидар жеңіске деген жігерлік танытып, тұғырдың жоғары сатысынан көрінді. Айта кетейік, әкесі әрі бапкері Марат Файзиев Дидарды әрбір белдесуге баптап отырады.

Осылайша Түркістанның түлегі жеңісті жолын жалғастырып, Гран-при турнирінде алғаш рет чемпион атанды. Жеңіс құтты болсын, Дидар!

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы