ТҮРКІСТАН: «ЖАСОТАНДЫҚТАР» МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКА ТАРАТТЫ

1  193 көрілім

Бүгін “Nur Otan” партиясы жанындағы “Jas Otan” жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының жалынды жастары коронавируске қарсы күресу және қорғану бағытында акция ұйымдастырды. Олар Түркістан қаласының тұрғындарына вирустан қорғанатын бетперде таратты.

Бұл гигиеналық бетпердені Түркістанның ерікті жастары өз қолымен тіккен. Ерекшелігі – маскалар бірнеше рет қолдануға арналған.

Сонымен бірге «жасотандықтар» тұрғындарға қауіпті індеттен қорғану жөнінде ақпарат беріп, сақтану жолдарын түсіндірді. Арнайы нұсқаулықтар таратылды. Бүгін тұрғындарға 100 шақты маска үлестірген “Jas Otan” жастар қанатының еріктілері алдағы уақытта да осындай іс-шараларды жалғастырмақ.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы