Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Ғ. Мүсірепов көшесінде орналасқан Халықтық кеңсе мен “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының пандемияға байланысты жасап жатқан жұмыстары мен қызметтерін бақылады.
⠀
Халық көп шоғырланатын орындардағы залалсыздандыру жағдайы жылдам әрі күшейтілген режимде жүруі қажет.
⠀
Мұнда дезинфекция жұмыстарымен қатар, сағат сайын тазалық жұмыстарына мән беру, қызметкерлердің антисептикалық заттармен және медициналық бетперделермен қамтамасыз етілуіне жіті мән берілген.
⠀

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясында 29 қызметкер бар. Бүгінде күніне 1000-1500 аралығында азамат келіп, қызмет алады. Қала әкімі Рашид Абатұлы әр құжатты тұрғындардың мұнда келмей, сақтық және қауіпсіздік пен денсаулығы үшін үйіне жөнелту қажеттігін ескертіп, көлік қарастырылатынын айтты.
