- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгінде барша әлемнің назарын аударған коронавирусын жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Әлемдік деңгейде үлкен ауқым алған бұл жаңа вирустың әлі күнге дейін емі табылар емес. Қазіргі таңда коронавирус қатерінің күллі адамзат баласына үрей туғызып отырғаны жасырын емес.
Еліміздің барлық аймақтарында сақтық шаралары қолға алынып, тазалық мәселесіне баса мән берілуде. Арыс қаласының әкімі М.Қадырбектің тапсырмасымен қала аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу үшін жоғары деңгейдегі дайындық режимі енгізілді.
Осы орайда, Арыс қалалық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері тарапынан коронавирустың алдын алу мақсатында, бірқатар әлеуметтік нысандарда арнайы залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстары жүргізіліп, тазалық сақтау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.