Елімізде коронавирустық індеттің таралуына байланысты Отырар ауданында шұғыл ден қою штабы құрылып, аудан әкімі, штаб төрағасы Ә.Жүнісовтің тапсырмасына сәйкес тиісті жұмыстар басталды.
Аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарымен бірге аудандағы қоғамдық орындар мен автобекеттерде қауіпсіздік шараларын жүргізу жұмыстары жүргізілді.
Коронавирустық инфекцияның алдын алу және болдырмау мақсатындағы шара аудандағы «Нәлібек» автобекеті мен «Бибі Ажар» балабақшасы, Д.Құрманбек атындағы №20 колледжде де жалғасты.

Дезинфекциялау кезінде мекемелердің халық көп баратын бөлмелері мен ауласына талапқа сай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Ләззат САРЫБАЕВА.