БЕТПЕРДЕ ТАПШЫЛЫҒЫ ШЕШІМІН ТАБАДЫ МА?

917 көрілім

«Мәжіліс депутаттары жұдырық түйістірді. Рингте емес, парламент қабырғасында. Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін мәжілісімендер бұрынғыдай қол беріп амандаспай, жаңаша көрісуге кірісіпті. Ел азаматтары 1 айға жуық дәріханалардан таппай жүрген бетпердені киіп келген депутаттар да бар. Мәжіліске кірген бетте дене қызуын өлшейтін болыпты. Бәріненде «қол беріп амандасуға болмайды»,- деген үлкен сурет бірден көзге түседі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев:
Бетпердем жоқ, алатын шығармыз. Жоқ қой еш жерде. Міне мәселе сонда.

Қауіпті індеттен қорғануға қажет деп барлық нұсқаулықта жазылған бетперде, залалсыздандыру құралы сынды бұйымдардың тапшы екені бірнеше күннен бері белгілі болғанымен, оны үкіметтің қалай шешетіні беймәлім. Енді оны жауапты министрлердің өзінен тікелей сұрау да мүмкін болмайды. Өйткені, үкімет отырыстары журналистердің қатысуынсыз өтеді»- деп мәлімдеді Instagram парақшасында informburo31 тілшісі Әлібай Бақытнұр (@bakytnur_alibay).

Бетперденің тапшылығы рухани шаһарымыз Түркістанда да болып жатқаны жасырын емес. Қаламыздағы көптеген дәріханалардан арнайы сұрап кіргенімізде бетперденің таусылып қалғандығын, соңғы екі ай көлемінде аталмыш бетперденің мүлдем тапшы болып жатқандығын жеткізді. Тағыда айта кетерлігі осындай мәселелерді оң жанбасына қолданып кететіндердің әрекетінше бетперденің бағасын 20 теңгеден 80, 100 теңгеге дейін көтеріп үлгерген.

Қытайдың ғалымдары коронавирус ауада 30 минут қана өмір сүретіндігін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Зерттеушілердің айтуынша, ауруды жұқтырмау үшін адамдар бір-бірінен төрт метр қашықтықта болуы тиіс. Бұған қоса сарапшылар жұқпалы инфекция вирусы адам жөтелген немесе түшкірген жерде бірнеше күнге дейін сақталып қалатындығын жеткізді.

Қоғамдық көлікте коронавирусты жұқтырған адамдарға негізделіп тәжірибе жасалған. Яғни, бейнебақылау орнатылған қоғамдық көліктердің бірінде сырқаттанған адам отырған. Бұған қоса ол медициналық бетперде кимеген. Ғалымдар вирусты тасымалдаушы көліктен түсіп кетсе де инфекция ол жерде сақталып қалатындығын алға тартты. Барлық жолаушылар коронавирусты жұқтырған. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жағдайда олардың медициналық бетперде тақпауында және ауру тасымалдаушы мен бірігіп бір жерде тығыз отыруында деп түсіндірді.

Сондай-ақ, бетперде тапшылығын шешу мақсатында қала басшысы Рашид Аюпов «Дәріханалардағы медициналық бетперделер тапшылығын болдырмау мақсатында өндіруші кәсіпорындармен келісім-шарт құрылғанын және алдағы күндері дәріханалар сөресі бетперделермен толығады» деп жариялаған болатын.

Осы аталған мәселелер шешімін тауып тұрғындар қажеттілігіне қарай бетперделер мен залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етіледі деген сенімдеміз. Қала тұрғындарына карантин кезінде барынша сақтық шараларын сақтап, тәртіпке бағынып, көпшілік орындарға бармауға, отбасыларыңыздағы жеке және үй тазалығын сақтап залалсыздандыру жұмыстарын жиі жасап тұруға шақырамыз. Бұл жағдайда барынша сабыр сақтап, билік басындағы азаматтардың шешімін бұқара болып қолдайық.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы