Мүсін тарихы ертеден бастау алады. Бұл бейнелеу өнерінің бір түріне жатады. Латынның “sculptura”, “seuplo” сөздерінен шыққан бұл атаулардың баламасы шекимін, қашаймын дегенге саяды. Қатты немесе пластикалық материалдардан жасалатын мүсінде негізінен адам бейнеленеді. Кейде жан-жануарлар бейнелері де мүсіннен көрініс табады.
Көпке белгілі, елге еңбегі сіңген азаматтардың мүсінін жасау дәстүрге айналған. Осындай мүсіндердің бірі мемлекет және қоғам қайраткері, тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұловқа арналған. Гипстен құйылып, қола түстес түске боялған Нәзір мүсіні тұлғаның өз атымен аталатын музейінде тұр. Ұзындығы 66 см, ені 50 см болатын бұл мүсінді “Этно Дизайн-Қазақ” АҚ жасаған. Жәдігерлер қатарынан орнықты орын алған мүсін музей ажарын ашып тұр. Музейге келген әрбір жан қызметкерлерден мүсін жайында мағлұматтар ала алады.
Роза Нышанбаева,
Нәзір Төреқұлов музейінің аға ғылыми қызметкері.