200 ТАУЫҚПЕН КӘСІП АШҚАН

929 көрілім

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Тортай Нартай «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ордабасы аудандық филиалы арқылы «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы негізінде өз кәсібін бастауға қайтарымсыз 505 000 теңге алып, өз шаруашылығын бастап кетті. Бұл қаражатқа жас кәсіпкер 200-ге жуық тауық алып, құс шаруашылығын дамытуда.

Алдағы уақытта еңбегін еселеп, құс басын арттыруды мықтап қолға алып, одан мол табыс табуды көздеп отыр. Бұл кәсіптің көзін білетін, құпиясына қанық кәсіпкердің айтуынша күтімі жақсы болса, құс шаруашылығынан табысқа кенелетінін жасырмады. Осылай деген жас кәсіпкер Тортай Нартайдың қарапайым еңбек адамының ісін ілгерілету мүмкіндігі мол екеніне көз жеткіздік.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы