Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Қазақстан Республикасындағы Еуропа Одағының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы, Өкілетті және Төтенше Елшісі Свен-Олов Карлсон бастаған Қазақстандағы Чехия, Хорватия, Финляндия, Румыня, Австрия, Словокия, Германия мемлекеттерінің елшілері іс-сапармен келді.
Кездесу барысында қонақтарға оқу орнымыздың жетістіктері мен даму жоспарлары таныстырылды. Сонымен қатар, Европа Одағының тәжірибесі негізінде университетіміздің аясында Орта Азиядағы университеттерді трансформациялау Хабын құру, университетіміз бен Еуропа Одағының жетекші ғылыми-зерттеу институттары арасында археология бағыты бойынша әріптестік орнату, ежелгі қауым тұрақтарын анықтау мақсатында Қазақстанның Оңтүстік аймағында орналасқан қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеу, медициналық білім саласын Еуропа Одағының озық тәжірибесі негізінде модернизациялау жобалары талқыланды. Бұдан соң, Елшілер оқу орнымыздың музейімен танысып, студенттерімен дөңгелек үстел басында «Ambassadors Café» форматында интерактивті дискуссия өткізді.

Қазақстан Республикасындағы Еуропа Одағының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы, Өкілетті және Төтенше Елшісі Свен-Олов Карлсон: Бүгін Түркістан қаласының өте қарқынды дамып келе жатқандығын көрдік. Түркістанды тарихи және заманауи үлгідегі ғимараттарды өзіне топтастырған қала ретінде таныдық. Сонымен қатар, Қазақстан мен түрік мемлекеттерінің қарым-қатынастары нәтижесінде құрылған Халықаралық университеттің ұжымымен таныстық. Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен кездесіп, сұқбаттасқанымызға қуаныштымыз. Біз үшін тәжірибе болды. Еуропа елдерінің оқу орындарының студенттері Түркістанда білім алуына мүмкіндіктерді қарастыру жағы жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, студенттермен өткен кездесу қызықты өтті. Студенттер диалогқа ашық және білімге құштар жастар екендігін көрсетті. Жастарға тілегім, білім жолында алға қойған мақсаттарына жете берсін!, – деп пікірімен бөлісті.
Қонақтарға халқымыздың дәстүрі бойынша шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
Ақпарат орталығы.