ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДЫ ДӘРІПТЕГЕН МЕКТЕП ЛИГАСЫ

1  131 көрілім

Шардарада асық ату және бес асық ойындарынан мектеп лигасы өткізілді. Аталған жарысқа ауданға қарасты ауылдық округтерден келген мектеп командалары қатысты. Турнирдің мақсаты – жастарды ұлттық ойындарымызды дәріптеуге бағыттау. Тартысты да қызықты өткен сайыста шын жүйріктер оза шапты.

Алғашқы бес асық ойынында І орынды С. Құрманғазы командасы иемденсе, ІІ-ІІІ орындарды С. Кәттабеков және А. Иманов командалары қанжығаларына байлады.

Асық ату бойынша І орын С. Құрманғазы командасына бұйырса, С. Кәттабаев пен Ш.Уәлиханов мектеп командалары ІІ-ІІІ орындарды қанағат тұтты. Жарыс соңында жеңіске жеткен командалар Алғыс хаттар мен марапатталды.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы