ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1  042 көрілім

Ордабасы ауданының ерікті жастары аудандағы ғасыр жасаған қарттарымызға қамқорлық көрсетіп, сый-сияпат жасады. Алғашқы болып, Қажымұқан ауылының тұрғыны Шамбек Рахманова әженің отбасында болды. Шамбек әже – 104 жаста. Ол 10 ұл-қызынан 29 немере, 65 шөбере, 15 шөпшек сүйген жан.

Бұдан соң Әсем Түгіскенова кейуананың шаңырағына ат басын бұрды. Әже 100 жаста, тыл ардагері, отбасында 10 ұл- қыздан 105 немере, 47 шөбере, 5 шөпшек, 1 немененің қызығын көрсе, 100 жастағы тыл ардагері Ақсұлу Есбатырқызы 7 ұл-қызынан 36 немере, 61 шөбере сүйіп отыр.

Ерікті жастарымыз қарияларымыздың қал-жағдайларын біліп, оларға құрмет көрсетті. Әжелеріміз жастарға алғысын жеткізіп, еліміздің өркендеуі жолында аянбай қызмет ете берулеріне тілектестіктерін білдірді.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы