ДАРХАН КӨҢІЛ БАУЫРЛАРЫМА РАХМЕТ

1  189 көрілім

1944 жылы ата – анам Түркістанға қоныс аударған. Десе де, өзім 1955 жылы осында дүниеге келдім. Ұлтым түрік болғанымен, жаным қазақ. Себебі, екі ел арасындағы байланыс тығыз десем қате айтқаным емес.

Қазақ елі 1991 жылы 16 желтоқсанда өз Тәуелсіздігін жариялаған кезде ең алғашқы болып қабылдап, бауырлас елдің бостандығына шынайы тілектес болған да осы Түрік елі. Бұдан өзге, 1992 жылдың 2 наурыз күні екі ел арасындағы ерекше күн болды. Себебі, дәл осы күні Түркия мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнатылған. Ата-анам айтып отыратын, жоқшылық уақытта қоныс аударып келгенімізде қазақ ағайындары жақсы қабыл алды,- деп. Ал мен, қазақ балаларымен қатар ойнап өстім. Содан да болар, олар мені өзге ұлт деп ешқашан бөлген емес.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың салихалы саясатының арқасында қаламызда көптеген ұлт өкілдері бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай тату-тәтті өмір сүріп келеді. 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Aлғыс айту күні. Осыған орай, қазақ халқына басымды иіп рақметімді айтамын.

Асан АЛИЕВ,

қалалық түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы