Өзбек-қазақ достығы ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ескі заманнан қыз алып, қыз берген, бір ата-ананың баласындай жақсы қарым-қатынаста болғанбыз. Ағын судай сырғып өтіп жатқан дүние. Өткен күндерді еске түсіріп, ой теңізіне батып отырмын.
Бір кездері шекарамызда жылымық жылдар болды. Ал қазір жайма шуақ шекарамыз айқара ашылған. Өзбекстан Президенті Ш.Мирзияев халықтар достығына өте жақсы мəн берді. 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылы, 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылының өтуі ұлы достықтың куәсі.
Бүгінде екі ел арасында тату көршілік, өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынасы орнаған. Сауда-экономикалық байланыс та жыл санап артып келеді. Мұның бәрі Елбасымыз Назарбаевтың, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың сарабдал саясаты арқасында жүзеге асып отыр. Соның бір мысалы бірнеше рет Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі С.Ниязходжаевпен кездесіп, достық сұхбаттар жүргізілді.
Қазақ елінің көңілімдегі орны ерекше. Небір қиын-қыстау кездің өзінде де көмектерін аямай, дарқан пейілімен төрінен орын берген қонақжай халыққа бүгінгі арайлы күніміз үшін мыңда бір алғыс айтам. Көңіл пердесінен туған осы бір өлең жолдарды екі ел достығына арнағым келеді.
Тамыры бір Түркілерміз бір туған,
Бірлігімз гүл ашып тұр құлпырған.
Өзбек-қазақ достығы бар мәңгілік,
Тату жұртпыз берекеге ұмтылған.
М.АМАТАЕВА,
Əлем жазушылар одағының мүшесі.
