СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАУ АЛДЫ

2  122 көрілім

Бүгін Түркістанда жылдың айшықты оқиғасы бастау алды. Енді әр аптаның сенбі күні шаһарда сенбілік жұмыстары жүргізіледі.

“Шавгар” мөлтек ауданындағы 1-секторда әкімдік қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктің ашылу рәсімі өтті. Шарада сөз алған қала әкімінің орынбасары Ж.Баирханов барша тұрғындарды тазалық ісін бірге атқаруға шақырды. Қатысушылар алдымен арнайы жайылған ақ дастарқаннан дәм татып, тазалық жұмыстарына кірісті.

Жалпы қала 32 секторға бөлінген. Аумақтарға бекітілген тиісті сала мамандары тазалық жұмыстары мен көгалдандыру ісін жандандыратын болады. Облыс орталығын көркейту бағытындағы сенбілік шарасы қараша айының біріне дейін жалғасады.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы