- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
“Nur Otan” партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек аймақтарға іссапары барысында Отырар ауданында болып, өңірдің зиялы қауымы өкілдерімен кездесті. Бауыржан Байбек бас партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, руханият саласындағы партияның жоспарлы тапсырмаларын тілге тиек етті.
-Биыл елімізде партияның ұйытқы болуымен 77 айтыс өтеді. Біз айтыс өнерін қолдау арқылы өзіміздің мәселелерді ашық көтереміз. Сол үшін айтыскерлерді қолдаймыз. Жалпы айтыс – қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрі. Сондықтан оны қолдау керек. Халық оны жақсы көреді, – деді Бауыржан Қыдырғалиұлы.
Кездесуде елдің ынтымағы мен бірлігін нығайту тарапындағы ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Жазушы Мархабат Байғұт Түркістан қаласынан “Әдебиет әлемі” орталығын ашуды ұсынды.
“Егер бұл жоба жүзеге асса, бүгінде ғимаратсыз жүрген жазушылар мен журналистер одағының филиалдары сонда орналаса алады. Жаңа облыс орталығының әдеби ортасын қалыптастыруға ықпал ететін еді. Сонымен қатар, онда түрлі әдебиет үйірмелері ашылып, жас айтыскерлер мен жазба ақындар, жазушылар бас қосатын өнер орталығына айналар еді”, – деді қаламгер.
Басқосуда аймақ зиялылары облыс көлеміндегі мәселелермен қатар, жалпы ұлт болашағына, мемлекетті өркендетуге қатысты ой-пікірлерін де жеткізді.
Ләззат САРЫБАЕВА.