РЕТТІ ЖАРНАМА – ҚАЛА КӨРКІ

1  058 көрілім

Түркістан қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес Тәуке хан даңғылындағы ретсіз сауда мен ретсіз ілінген жарнамаларға рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Шараға қала әкімінің аппараты, бизнесті қолдау және туризм, тілдерді дамыту, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысты.

Күн сайын гүлденіп келе жатқан рухани шаһар көркінің бір бөлшегі базар екені өтірік емес. Базар ретті, көркі көз сүріндіріп тұрса, қала тұрғындары және туристер үшін де жақсы болар еді. Сол шаһар көркінің әсемдігі ілініп тұрған жарнамаларға байланысты.

Ретті қала құрылысы үшін жүргізілген рейд нәтижесінде «Алтын орда» автобекетінде ретсіз ілінген жарнамалар алынып тасталды. «Сырдария» сауда орталығы екі күн ішінде ретсіз әртүрлі жарнамаларын ретке келтіруге уәде берді.

Сонымен қатар, «Оңалбай» сауда үйінің маңындағы ретсіз сауда иелеріне ескерту берілді. Сауда нысандарының заң шеңберінде жұмыс жасау керек екені түсіндірілді. Әртүрлі жарнамалар мен маңдайша жазуларында тілдік норманы дұрыс қолдану талап етілді.

Үмітбек БАҒДАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы