ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР КӨШ БАСЫНДА

890 көрілім

Ақтөбе қаласында Армрестлингтен ересектер арасында Республикалық чемпионат өтті. Еліміздің барлық аймақтарынан жиналған сайыста Түркістан облысының атынан өнер көрсеткен «Шардара армспорт» клубы тұғырлы І орынды жеңіп алды.

Атап айтсақ 8 алтын, 9 күміс, 5 қола медаль еншілеген Түркістан облысының спортшылары ел біріншілігінде мықтылығын тағы бір дәлелдеді.

Енді алдағы сәуір айында Алматы қаласында өтетін Азия чемпионатында аталмыш өңір спортшылары жеңіс тұғырынан көрінуге ниетті.

Айта кетерлігі, республика деңгейінде ғана емес, халықаралық және әлемдік додаларда топ жарып жүрген «Шардара армспорт» клубының мүшелерін бәсекелестері мойындап үлгерген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы