ТҮНГІ РЕЙД ЖАЛҒАСУДА

1  556 көрілім

“Түркістан – қауіпсіз қала” жоспары шеңберінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстармен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Түнгі қала балалар” алдын алу іс – шарасы өтті.

Түркістан облысы Полиция департаменті басшысының бұйрығына сәйкес жергілікті полиция қызметі, қалалық білім беру бөлімі және “Жастар ресурстық орталығы” КММ – нің қызметкерлері бірлесе ұйымдастырған рейд барысында қала аумағындағы орналасқан ойынханалар мен кафелерде, мейрамханаларда заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмаған бес жасөспірім анықталды. Олардың ата – аналарына баламен жұмысты күшейту керектігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Айыппұл салынып, бала тәрбиесін қадағалау керектігі ескертілді.

Рейдтік іс – шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы