ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

956 көрілім

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!

21-22 наурыз күндері Түркістанда әз Наурыз мерекесі қарсаңында EMERGE x TURKISTAN халықаралық tech-конференциясы өтеді. Жыл сайын Шығыс Еуропада өтетін халықаралық tech-конференция биыл алғаш рет Қазақстанда, оның ішінде Түркістан қаласында жүзеге аспақ.

EMERGE x TURKISTAN аясында стартаптарға өз жобасын ұсынып, инвесторларды тартуға және 10 000 АҚШ $ ұтып алуға мүмкіндігі болады. Арнайы қала әкімінің қолдауымен EMERGE CHALLENGE KZ питч конкурсы ұйымдастырылып, 14 000 $ сыйақы беріледі (1 орын – 10000 $, 2 орын – 3000 $, 3 орын – 1000 $). Сонымен қатар, керемет деп танылған 5 стартап питч конкурсының жартылай финалына автоматты түрде өтіп, 2020 жылдың 1-2 маусымда өтетін Минсктегі Emerge жобасына EMERGE x TURKISTAN атынан қатысады. Айта кетейік, өтінімдер 12-наурызға дейін қабылданады.

EMERGE x TURKISTAN-ның басты мақсаты – жастар арасында дамып жатқан tech-хабты қолдау, сол себепті де конференция ақысыз өтеді, алайда арнайы шақыртумен. Қатысушылар тізімінде болу үшін https://emergeconf.io/turkistan/kz сайты арқылы өтінім тастай аласыз. Конференция екі сахна қойылған AqJaiyq музыка мектебінде «Bilge» Халықаралық инновациялық шешімдер орталығының ұйымдастыруымен өтеді.

BUILD&GROW Stage – бұл танымал халықаралық спикерлер, ал X Stage – инвесторлар, фаундерлер, стартаптар алаңы болмақ. Сонымен қатар, бағдарламада нетворкингке қатысты менторлық сессиялар (BBQ, Founders Stories), 1on 1 форматында инвесторлар мен фаундерлер кездесуі, әйелдер көшбасшылығы мен кәсіпкерлігі бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жоспарланған.

EMERGE алғаш рет 2018 жылы мамыр айында өтіп, tech-ұйымдардың қызығушылығын танытқан болатын. Нәтижесінде, бір жылда 22 елден 1500-ден астам адам келіп, қатысқан. Ал, былтырғы жылы 43 елден 2100-ден астам келуші болған. Сондай-ақ, өткен жылдарда Microsoft, Facebook, Google, WhatsApp, Bayer, WeTransfer, Revolut, EPAM, WARGAMING, Grammarly, Juno, Pandadoc, 500 Startups секілді танымал жобаларды құрушылар өз тәжірибелерімен бөліскен.

Конференция нәтижесінде IT-мамандар индустриядағы соңғы трендтерден хабардар болып, өз байланысын кеңейтуге мүмкіндік алады. Инвесторлар болса, сапалы жобалар мен кәсіби серіктестер табуына ықпал етеді.

EMERGE: Flint Capital, Speedinvest, Earlybird Ventures, bValue VC, Overkill Ventures, Bulba Ventures, Sistema VC – секілді 300-ден аса инвесторлар мен 20-дан аса елдің акселераторларымен байланыс құрады.

Ұйымдастырушылар EMERGE-нің түркі дүниесінің рухани астанасында өтуі де кездейсоқтық еместігін айтады. Географиялық аумағы жағынан, терең тарихымен таңданыс тудыратын шаһар Орта Азиямен және Шығыс елдерімен кәсіптік байланыс орнатуға таптырмас мүмкіндік деп санайды.

Рашид Абатұлы Түркістанды стартаптар үшін қолайлы орта және технологиялық хаб ретінде жаңғыртуды алға қойған. Сондықтан, EMERGE технологиялық, инновациялық компанияларды құру мен дамытуға, оны кең көлемде дамытуға қызығушылығы жоғары азаматтарды шақырады. Бұл – конференцияға шақырылатын стартаптарға қойылатын басты талап.

Сонымен, Сіз бұл конференцияда кімдермен жүздесе аласыз? Атын атап шықсақ: танымал Microsoft, Samsung, Huawei, PicsArt, Google, Facebook, Amazon, Speaker Examples, Abbyy, Uber, Revolut, skyeng, MTS, Alibaba сіздерді күтеді!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы